«Turkestan textile» импорттың орнын басуға оң әсерін тигізеді

Түркістан облысының спортшылары, дәрігерлері мен мектеп оқушыларының арнайы формалары «Turkestan Textile «БК» фабрикасында тігіледі. Бүгін мұнда 200 мыңға жуық арнайы киімге тапсырыс берілді.

image.png

Отандық өнімнің үлесін арттыруға ықпал ететін әлеуметті маңызы бар кәсіпорын, білім беру және медициналық мекемелер мен дене шынықтыру және спорт басқармаларымен бірлесе жұмыс істеп, жергілікті қамту үлесін арттыруға ықпал етпек.

Қысқа мерзім ішінде зауытта дайын өнімнің бай ассортименті қалыптасты. Мәселен, төсек-орын түрлері, әртүрлі жұмыс киімдері, спорттық жабдықтар, медицина қызметкерлеріне арналған формалар отындық мамандардың қолынан шығуда. Тұтынушы талабы ескерілген. Бағалар да қолжетімді. Өндірісте Baoyu және Jack фирмаларының 400-ге жуық замануани құрал-жабдықтары қолданылады. Оның 333-і автоматтандырылған және соңғы үлгідегі тігін машиналары. Әйелдерді, оның ішінде тұрмысы төмен отбасы мүшелерін жұмыспен қамту мақсатында іске қосылған әлеуметтік жоба барысында бүгінгі күні 72 адам тұрақты жұмыс тапты. 180 адам осы жерге жұмысқа орналасу үшін тігіншіліктің қыр-сырын меңгеруде.

Жұмысқа әртүрлі жастағы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі нәзік жандылар тартылуда. Фабрика қызметкерлері дән риза. Сонымен қатар, мұнда дуальды оқыту жүйесі, яғни теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту бойынша Түркістан көпсалалы қолөнер колледжінің студенттері тәжірибе алуда.

Индустриалды аймақта бүгінде 83 млрд. теңгенің 7 инвестициялық жобасы жүзеге аспақ. Нәтижесінде, 3 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл аумақта ветеринарлық препараттар шығаратын зауыт, желатин өндіретін зауыт, тұрмыстық техника шығаратын зауыт пен ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын екі бірдей зауыт, медициналық шприцтер шығаратын және есік пен құрылыс материалдарын шығаратын зауыттар іске қосылады. Шетелдік ірі инвесторлар қатарына VETAL, Artel, Daedong және «Урал» автомобиль зауыты» АҚ кіреді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады