Түркістанда шығыс үлгісіндегі тұрғын үйлер салынуда

Түркістан қаласында «Keruen Sarai» тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды. Тұрғын үй кешені шығыс үлгісінде салынады. Қазіргі уақытта «Түркістан» ӘКК» АҚ бастамашы болған серіктеспен бірлесіп, «Keruen Sarai» жаңа тұрғын үй кешенін салу жобасын іске асыруда.

image.png

Шығыс үлгісіндегі тұрғын үй кешені Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанынан салынатын болады. Салынып жатқан кешеннің аумағы арқылы қаланың негізгі жаяу жүргіншілер аллеясы өтеді. Айналасында қаладағы жаңа нысандар мен көрікті орындар орналасқан.

Кешеннің шығыс жағында саябақ аймағы орналасқан. Тұрғын үй ауласына көпжылдық ағаштар отырғызылады. «Keruen Sarai» құрылысының бірінші кезегі 9 аз қабатты блоктардан тұратын болады. Жалпы жаңа кешенде 1,2 және 3 бөлмелі пәтерлер мен екі қабатты таунхаустардың құрылысы қарастырылған. Бір алаңда екіден көп пәтер болмайды, ал таунхаустарда бөлек кіру қақпалары мен жеке террассалар болады.

Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде қалыптастыру жұмыстарының 1-кезеңі аяқталғаны белгілі. Қаланың негізгі әлеуметтік-инфрақұрылымы қаланды. Жалпы 445,3 млрд. теңге 257 жоба іске асырылып, жаңадан Халықаралық әуежай, Әкішілік-іскерлік және Рухани-мәдени орталықтары салынды, оларды өзара байланыстыратын Б.Саттарханов даңғылы қайта құрудан өтті және өндірістік аймақ құрылды. Рухани-мәдени орталығындағы 16 нысанның 14-нің құрылысы толықтай аяқталды. Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған жаңа Кешенді жоспарына 141 іс-шара енді. Оның ішінде 75%-ы жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды