Түлкібастық шаруа қарбыздың жапондық сортын егуді қолға алды

Бүгінде Түркістан облысында замануи технологияларды пайдаланып, мол өнім алып отырған шаруалар көп. Мәселен, Түлкібас ауданының тұрғыны Әжібай Сабуров жапон қарбызы «Дэнсукэ» сортын егуді қолға алған. 77 жастағы қария былтыр ресейлік «Волгоград» тұқымын егіп, мол пайдаға кенелген.

image.png

- «Таулы мекен Түлкібастың ауа-райы Сарыағаш, Жетісай, Шардара сияқты аудандарға қарағанда салқындау болып келеді. Сондықтан да бақша өнімдерінің бұл түрлері бізде егіле бермейді. Ал, қарбыздың «Дэнсукэ» және «Волгоград» атты тұқымдары біздің климатқа төзімдірек болып келеді. Оның өзін ашық алаңқайда емес, жылыжайда өндіріп аламыз. Яғни, тамыр жайып, өнім бергенше өзіне тән күтімді қажет етеді», – деді бағбан қария.

Бүгінде Әжібай ақсақалдың 6 гектар жерінде қауынның 3, қарбыздың 6 түрі жайқалып тұр. Оның сөзінше, қарбыз тамыз айының орта шегінде пісіп жетіледі. Әр гектарынан 30 тоннаға жуық өнім алуды көздеп отыр. Айта кетейік, көпке үлгі болып отырған ақсақал қосымша 3 гектар жерге еккен картобынан, гектарына 40-50 тоннаға жуық өнім алуды жоспарлап қойған.

Жалпы Түлкібас ауданының шаруалары елдегі қуаңшылыққа қарамастан мол өнім жинауды жоспарлап отыр.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды