Депутат ардагерлермен кездесті

Парламент мәжілісінің депутаты Сырым Маханбетұлы Қазығұрт ауданындағы алғашқы кездесуін ардагерлермен кездесуден бастады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі хабарлады. 

image.png

Алқалы жиынға, аудан әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Нұржан Сапабекұлы, Қазығұрт ауданының мәслихат хатшысы Өрісбай Бұхарұлы және де «Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Есімхан Ешенқұлұлы қатысты.

Жиынды Қазығұрт аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Жанұзақұлы жүргізіп отырды.

Кездесу барысында, Сырым Маханбетұлы VII сайланған Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттары атқарған жұмыстарымен таныстырып, 2021жылдың 14 қаңтарында Елбасы Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішүлының VII сайланған Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттарымен өткен бірінші отырысында Үкіметке, депутаттарға және партияның Орталық аппаратына бір ай ішінде сайлау алдындағы міндеттемелерді орындауды «Жол картасын» әзірлеуді тапсырғанын,2021 жылдың 12 ақпанында Премьер-Министр Асқар Маминнің, партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің және Үкіметтің барлық мүшелерінің қатысуымен өткен фракцияның кеңейтілген жиналысында «Жол картасы» қабылданды. «Жол картасында» халықтың барлық топтарының мүдделері ескерілгендігін, жол картаның іске асырылуын депутаттар бақылауға алатынан айтып өтті.

Ардагерлер кеңесінің мүшесі, Жүмашев Құттыбек Сырым Ертайұлыныа алда атқарар жұмыстарына сәттілік тілеп, өзінің ұсыныстарын жеткізді. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды