Заңсыз сыйақы үшін жаза күшейтілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Қазығұрт ауданында жұмыс сапарымен келді. Төраға мұнда мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен кездесіп ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

image.png

Парасаттылық принциптері кең көлемде дәріптелген келелі жиынның негізгі мақсаты- әділдік, айқын құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дарыту және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу. 

Алқалы жиында сөз алған Штаб төрағасы бармақ басты, көз қысты әрекеттердің жолын кесу мақсатында Агенттікпен атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, ағымдағы жылдың 5 сәуірі күні толық күшіне енген Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексіне енгізілген өзгерістермен таныстырды. 

Өз кезегінде, заңсыз сыйақы, сыйлық алу, беру әрекеттеріне қомақты айыппұл салынатынын ескертіп, парақорлық әрекеттерден аулақ болуға шақырды. Жиын соңында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Айта кетері, Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексіне енгізілген өзгерістер азаматтардың құқығы мен мүдделерін қорғауға бағытталған. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте әкімшілік рәсімдер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібінің талаптары қамтылған. Енді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жүгінген әрбір азаматтың өтініші кодекс нормаларымен қорғалып, еліміздегі әкімшілік құқықтық қатынастар жаңа деңгейге көтерілді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады