Былтыр халыққа арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев балық шаруашылығына баса мән беру қажеттігін тапсырғаны белгілі. Осыған байланысты бүгінде балық шаруашылығымен айналысушыларға мемлекет тарапынан тиісті жеңілдіктер, субсидиялар берілуде.
Түлкібас ауданында соңғы уақытта бақша шаруашылығымен қатар балық шаруашылығы да қарқынды дамуда. Соның бірі - Майлыкент ауылдық окуругіне қарасты «Сапарғали» шаруа қожалығы.
Балық шаруашылығын дамытуға бел буған шаруа қожалық 2,16 га аумақта орналасқан. 7 жасанды су тоғанына 100 мың дана сазан, ақ амур және дөнмандай (толстолоб) балықтарының шабақтарын жіберуде. Әр жасанды тоған 0,30 га аумақты алып жатыр.
Жалпы, аудан көлемінде 7 шаруашылық балық өсірумен айналысуда. Бұл бағыттағы жұмыстарға алдағы уақытта да аудан әкімдігінің тікелей бастамасымен басымдық беріліп, дамыту жоспарлануда.
Бүгінде шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан жеңілдіктерде қарастырылуда. Балық жемінің 30 пайыз шығындары субсидияланып, заң аясында аудан әкімдігі тарапынан түрлі қолдаулар көрсетілуде.
Балық шаруашылығы Түркістан облысының аудан, қалаларында қарқынды дамып келеді. Бүгінде кәсіптің осы түріне ден қойып, жақсы табысқа жетіп жатқан шаруашылықтар аз емес.