Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт мемлекеттік қызметкерлердің төл мерекесіне орай сала үздіктерін қабылдап, алғыс хатпен марапаттады. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ауыртпашылығы мен жауапкершілігі қатар жүретін сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекет мүддесі жолындағы әрбір игі бастамаларына сәттілік тіледі.
Бүгінде Түлкібас ауданының әлеуметтік экономикасын дамыту жолында жергілікті атқарушы орган саласында 223 мемлекеттік қызметкер жемісті еңбек етуде. Былтыр халыққа арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:
Бізге жаңа кадрлар, яғни кәсіби бі¬лікті, озық ойлы және бастамашыл ма¬ман¬¬дар аса қажет. Мемлекеттік қызмет қол жет¬пейтін жабық кастаға айналмауға тиіс,-деген болатын.
23 маусым-әлемнің барлық мемлекеттік қызметшілері үшін бірыңғай кәсіби мереке. 2002 жылғы 20 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеяның 57-сессиясында 23 маусымды Мемлекеттік қызмет күні деп жариялау туралы қарар қабылдады. Кейін, 2013 жылы Ел Президентінің Жарлығымен бұл күн Қазақстанның мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді. Бүгінде 90 мыңға жуық қазақстандық өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде, олардың 42 мыңнан астамы өңірлерде жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметшілердің жалпы санының жартысынан астамын (55%) – әйелдер қауымы құрайды.