Өмірзақ Шөкеев шаруалармен түйткілді мәселелерді талқылады

Мақтаарал ауданының диқандары 1 гектар жерден 20 тоннаға дейін қауын-қарбыз жинауда. Тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы бақша дақылдарын өсіретін «Физули» шаруа қожалығының қауын алқабында болған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жергілікті шаруалармен кездесіп, түйткілді мәселелерді жан - жақты талқылады.

image.png

Мақтаарал ауданында жұмыс сапарымен барған облыс басшысымен жүздескен диқандар мақта өсіруден бақша дақылдарын егуге бет бұрып, жаңа кәсіпті тұрақты табыс көзіне айналдырып үлгергендерін жеткізді. Облыс басшысы аудандағы мал азығы мәселеніне де тоқталды. Жем - шөп қоры жеткілікті жиналған Мақтааралда мал азығы жетпеген жағдайда өзіндік жем-шөппен қамту көлемі 6 есеге дейін жоғары Шардара секілді аудандардың есебінен мәселені шеше алады.

Ал, жайылымы тапшы аймақтарға орман қоры есебіндегі жерлерден мал жайылымына уақытша жер беру және орман шөбін оруға рұқсат беруді жүзеге асыратын болады. Аудан басшылығы облыс әкіміне жеке қолдағы К-20 каналын мемлекет меншігіне қайтару, ол үшін 12 жылға бөліп төлеу негізінде сатып алу туралы мәселе көтерді. Мәселені шешу жолдары талқыланды.

Облыс әкімі бір алқаптан 2-3 өнім алу бойынша «Сабыр» шаруа қожалығында болып, Жамбыл ауылдық округі, Көкпарсай ауылындағы «С.Оспанов» шаруа қожалығының мал азығына қажетті егілген жоңышқалық алқаптың жағдайымен танысты. Сондай-ақ аудан басшысы табиғи газ жүргізу жұмыстарымен мен жөндеуден өтетін жолдардың жағдайы жайлы баяндады. Өмірзақ Естайұлы барлық мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды