Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің жанындағы қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар Орталық кеден зертханасының кедендік сараптама бөлімінің ұжымымен жиын өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – парасаттылық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дәріптеу және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.
Қатысушыларға парасаттылық – ашық әрі адал қоғамды қалыптастыруға негіз болатын құнды қасиет екені жеткізіліп, атадан қалған асыл құндылықтарды дәріптеу арқылы әлеуметтік кеселдің алдын алу – бүгінгі күннің басты талабы екенін атап өтті.
Шарада жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар мен бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу барысы баяндалды.