Басшылар халыққа жақындай түсуде

Screenshot_27.png

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр. Осы ретте Шымкен қаласы Абай ауданында тұрғындардың мәселелері тұжырымдамаға сай шешімін табуда. 

"Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және мемлекеттік мекемелердің қызметінде кедергісіз орта құру, сондай-ақ фронт-офистерді енгізу мақсатында Абай ауданы әкімінің аппаратында «Open Ѕрасе», «Ашық әкімдік» форматында тиісті жұмыстар жүргізілуде. «Open Ѕрасе» форматындағы «Ашық әкімдік» кеңсесіне арнайы 2 қызметкер бекітіліп, тұрғындарға кедергісіз кіріп шығуға қолайлы орта жасалып, электронды қолтаңба, анықтамалар алуға және т.б. қызметтер көрсетуде. Халықтың қала өміріне етене жақын араласуы біздің де жұмысымызды жеңілдетеді",- дейді Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов.

Сондай-ақ жыл басынан бері «Ашық әкімдік» кеңсесіндегі өзіне өзі қызмет көрсету бұрышынан 437 аудан тұрғынына 1311 электронды мемлекеттік қызметтер көрсетілген.

Тұрғындардың мәселелерін дер кезінде шешу бойынша «Ашық әкімдік» кеңсесінде өзім және орынбасарларым жыл басынан бері жалпы 17 рет жеке қабылдау өткізіп, 40 азамат қабылдауда болған. Аталған 40 азаматтың өтініштерінің 23-і толық қанағаттандырылған, 19-на түсіндірмелер берілген, 1 өтініш құзырлы мекемге жолданса, қалған 7 өтініш бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде дейді аудан басшысы. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды