Шымкенттің кілемдері әлемдік нарықта

Screenshot_10.png

Орталық Азиядағы ең ірі кілем фабрикаларының бірі, Шымкенттегі «Бал Текстиль» компаниясы «Бал Декор» атты жаңа кәсіпорнын іске қосты. Кілемдер мен кілемшелер шығаратын мекеме ерекше дизайндағы ванна төсеніштерін шығара бастады. Өнімнің  басты ерекшелігі - бактерияға қарсы, жылу оқшаулағыш, еденде таймайды және кір машинасында оңай жууға болады.

«Оңтүстік» АЭА аумағындағы фабрика өз өнімдерін 2013 жылы  өндіре бастады. 

Фабрика үшін стратегиялық маңызды бағыттардың бірі - иірілген жіп өндірісі. Тіпті коронавирусқа байланысты төтенше жағдай кезінде де, жұмысшылардың шамамен 80 пайызы еңбек демалысына кетуге мәжбүр болған уақытта да, полипропиленнен жіп шығаратын цех жұмысын жалғастырған. Фабрика өнімді сатуға емес, өз қажеттіліктері үшін шығарыпты.

Кәсіпорын банкпен «Бизнестің жол картасы-2025», «Өндіріс», «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында жұмыс жасайды. Соның арқасында бельгиялық «Michel Van De Wiele» жоғары технологиялық тоқыма машиналары, тағы «Superba» (Франция) және «Alima Volkmann» (Германия) жіптерін өндіруге арналған жабдықтар сатып алынады.

Бүгінгі таңда фабрика жылына 4000 тонна полипропиленнен жасалған жіп және 5 миллион шаршы метрден аса кілемдер мен кілемшелер өндіреді. Кілемдердің 1500-ден астам түрі бар, олардың дизайнында ұлттық ою-өрнектер мен постмодерн, хай-тек, авангард, неоклассика стиліндегі өрнектер қолданылады. Қазақстандағы дистрибьюторлардың саны  400-ден асады.

Фабрика өнімдері TURAN, Хан-Тәңірі, Алатау, Барыс, Сарыарқа, Ұлытау, Алаш, Отырар брендтерімен сатылады және әлемдік сапаға сәйкес келеді, бұған ISO 9001-2009 сертификаттары куә.

2015 жылдың екінші жартысынан бастап «Бал Текстиль» компаниясы экспортқа шығады. 

Болашақ жоспарларға тоқталар болсақ, зауыт төртінші цехтың құрылысын бастауға ниетті. Сонымен бірге төрт жаңа станок сатып алу жоспарланып отыр, осылайша олардың саны 17-ге жетеді. Бұл өндіріс көлемінің ұлғаюына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына әсер етеді. 




 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды