Кітапханаға саяхат ұйымдастырылды

Screenshot_9.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында оқырмандық сауаттылық деңгейін арттыруға баса назар аударған болатын. Сондай-ақ, «жаңғыртуды және цифрландыруды қажет ететін кітапханалар бұл істе маңызды рөл атқаруы мүмкін» деп атап өтті. Осы орайда, 2021 жылды Мәдениет және спорт  министрлігі ресми түрде «Балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылы» деп жариялады. Сонымен қатар, «Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021» балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау мақсатында жалпыұлттық акцияны іске қосу қажеттігін айтқан еді. 

Осы орайда жақында ғана қайта жаңғыртудан өткен үшінші мегаполистегі Абай атындағы орталық кітапханасымен таныстыру және "Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуын қолдау" жылы аясында, олардың ой-өрісін кеңейтуге бейімдеу, оқушының танымдық белсенділігін арттыру мақсатында "Кітапханаға саяхат" атты ақпараттық-экскурсия ұйымдастырылды. Шара барысында кітапхана мамандары балаларды кітапхананың жаңа қызмет түрлерімен, бөлімшелерімен және кітаптармен таныстырып, кеңінен ақпарат беріп өтті. 

 Сонымен бірге "Білесің бе, кітап білім ұясын" тақырыбында кітап көрмесіне шолу жасалып, балаларға қордан жинақталған топтамалар ұсынылды.

 Айта кетейік, жаңарған кітапхана аумағы кітап оқу, коворкинг аймақтары және кофейня секілді үш аймаққа бөлінген. Бұған қоса кітапхана ғимаратына Абай муралы салынған. Кітапханаға «Ашық» қосымша жүктемесі арқылы кіруге мүмкіндік бар.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды