«Еңбек» бағдарламасымен 5 жоба мақұлданды

Screenshot_10.png

Еліміздегі төтенше жағдай кезеңінде Президент Қ.Тоқаев халыққа экономиканы, шағын және орта бизнесті, қазіргі күрделі жағдайда барша ел тұрғындарын қолдауға бағытталған бірқатар нақты тапсырманы жолдаған болатын. Маңызды мәселелердің бірі тұрғындардың жұмыспен қамтылуы және еңбекке орналастыруды қамтамасыз ету болып отыр, бұл мемлекеттің ерекше бақылауына алынған. 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге және азаматтарды кәсіпкерлікке тартуға бағытталған. Мемлекеттік бағдарлама еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, еңбек ресурстарын қайта даярлау, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылдық елді мекендерде шағын кредит беруді кеңейту, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру сияқты бірқатар міндеттерді қамтиды.

Аталмыш бағдарламаның төрт жылы артта қалды, енді бір жыл ғана әрекет етеді. Соған орай, жауапты мамандар халықты еңбекке шақыруға, оларға кәсіп ашып беруге, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған бағдарламаның ұсынатын мүмкіндіктерімен кеңінен таныстыруда.

Осы ретте  биыл Шымкентте бағдарламаның екінші бағыты аясында 816,1 млн. теңге бөлініп отыр. 

Бағдарламаның ережелеріне сәйкес несиелер жылдық 6 пайызбен 23 млн. теңгеге дейін 7 жылдық мерзімге беріледі. Сонымен қатар халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары үшін несиелер жылдық 4%-бен беріледі. 1 маусымда 5 жоба мақұлданып, оларға 68 млн. теңге бөлінді.

Бұл бағдарлама аясында несиелерді рәсімдеу үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на өтінім тапсыру қажет.

Айта кетейік, екінші бағыт бойынша қалада  өткен жылы нақты 3 553 адам қамтылған (103,5%), оның ішінде 1 850 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытылды. 1 491 адамға грант беру көзделіп, нақты 1 004 адамға (67,3%) мемлекеттік грант берілген. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды