«Алтын дән» мемлекеттен қолдау тапты

Screenshot_9.png

Оңтүстік аймақтағы тұрғындарға «Алтын-Дәннің» өнімдері жақсы таныс. Балдай тәтті қаймағы, макарон және сапалы ұнымен тұтынушылардың көңілінен шығып отырған кәсіпорын шаһардағы белді де, белсенді компаниялардың бірі.  

«Алтын-Дән» ЖШС – бидай ұнын, макарон өнімдерін және сүт өнімдерін шығаратын, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін компания. Кәсіпорынның диірмен кешені жалпы өнімділігі тәулігіне 500-700 тонна болатын 2 диірменнен тұрады.

Кәсіпорын жылына 150-280 мың тонна бидайды өңдейді. Диірмендерде бидайдың әр түрлі типтерімен және тез жұмыс істеуге мүмкіндік беретін астықты тазарту және ұнтақтау желілері бар. Макарон цехы қуаттылығы тәулігіне 48 тонна қысқа форматты макарон өнімдерін шығаруға арналған Bühler автоматты желісімен жабдықталған.

Өнімнің негізгі тұтынушылары – Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі және Өзбекстанның шекаралас аймақтарындағы, соның ішінде компанияның өкілдіктері бар Ташкенттегі шағын және орта бизнес өкілдері.

Кәсіпорында нарықтық экономика жағдайында өндірістік және коммерциялық қызметте тәжірибесі бар, жоғары білімді тәжірибелі мамандар мен менеджерлер жұмыс істейді.  Ірі компания жалпы 550 адамды жұмыспен қамтып, қаланың жұмыссыздық мәселесіне де өз үлесін қосып отыр.

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында компания айналым қаражатын толықтыруға мүмкіндік алды. Бүгінде кәсіпорын  жан-жақты дамып отыр. Компания басшылығы алдағы уақытта  өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды