«Шымкент – еліміздің шахмат астанасы»

Screenshot_8.png

Тәуелсіздіктің  30 жылдығына орай Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен үшінші мегаполисте шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылмақ.   Чемпионатты  Шымкент қаласы әкімдігі мен Қазақстандық шахмат федерациясы қолға алуда. «Шымкент – еліміздің шахмат астанасы» брендін қалыптастыру аясында  қолға алынған спорттық сайыс алдағы  шілде айының 20-30 жұлдызы аралығында өтеді деп жоспарланып отыр. 

Іс шараның мақсаты - халықаралық шахмат аренасында Қазақстанның оң имиджін қалыптасыра отырып, Шымкентті зияткерлік шаһарға айналдыру. Шахматтан жаңа есімдерді анықтау. Сондай-ақ жеке  чемпионатқа еліміздің барлық аймағынан жиналған  ойыншылар мен олардың ата-аналарын  және  жаттықтырушыларын  қоса есептегенде 1500 адам үшінші мегаполиске ат басын бұрмақ. Бұл әсем қаламыздың туризмін дамытуға да септігін тигізеді дейді салаға жауаптылар.Яғни, аталған онкүндікте қонақтарымызға шаһарды жан-жақты таныстыруға айрықша күш салынып отыр.

Айта кетейік, шахматтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мемлекеттік бюджеттен еш қаржысыз ұйымдастырылады.  Жарыс "Black Rock Business"ЖШС-нің демеушілігімен өтеді. Жалпы сайыстың жүлде қоры 2 880 000 теңгені құрайды. Жеңімпаздар әлем және Азия чемпионаттарының жолдамасына ие болмақ.  Ал чемпионаттың талап-ережелерімен Қазақстан шахмат федерациясының ресми сайтынан танысуға болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды