Жастар робот құрастыруды тегін үйрене алады

Screenshot_7.png

Жасы үлкен болса жастардың қаласына айналған Шымқаланың жас тұрғындарының белсенділігі жоғары. Үшінші мегаполистік жастардың көп қызығатыны – ІТ технология саласы екен. Осыған орай Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының жанынан «Робот-техника және конструкциялау» курсы ашылған. Аталған курс ІТ-технологиялар бағытын дамыту, робот-техникалық іс-шараларда жобаларды сәтті жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылуда. Карантин талаптарына сай орын саны шектеулі. Қатысу тегін. Қазір конкурспен қабылдау жүргізілуде. Аптасына алты күн оқытылады.

«Мемлекеттік жастар бағдарламаларын насихаттауда «Жастарға қызмет» деген бөлім аштық. Кәсіпкерлік, қайтарымсыз субсидиялар, тұрғын үй, «Нұрлы жер» бағдарламасының ішінде қаншама бағыттар бар. Көп жастар оның бірін білсе, бірін білмейді. Сосын пробацияда жүрген, сотталған жастар жұмысқа кіре алмайды. Сол жастармен де жұмыс жүргізуді қолға алдық»,- дейді орталықтың директоры Ерлан Айтпаев.

Тағы бір ескерілетіні, қала жастары және жасөспірімдердің 46,9% ақылы үйірмелерге қатысатыны айқындалды. Айта кететін болсақ, қаламызда тіл үйрететін үйірмелердің көпшілігі ақылы. Бұл жастарға қымбат, студенттердің, оқушылардың қалтасы көтермейді. Қала жастарының, оқушыларының және студенттерінің сабақтан тыс уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында арнайы тіл үйрететін ақысыз үйірмелер ашуды қолға алып жатырмыз дейді орталық қызметкерлері.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды