Үшінші мегаполисте тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бағдарламалар аясында қаншама тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Баспананың кілті шаһардың жастарына да бұйырып жатыр.
«Тұрғын үй кезегінде тіркелген және үймен қамтылған жастар туралы айтар болсам, жалпы кезектегілер саны – 9023. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің ірі қалаларындағы жұмыс істейтін жастарды пәтермен қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша бүгінге дейін шаһарда мыңнан аса пәтер берілді. Баспанамен қамту жұмысы жалғасуда. Екінші деңгейлі банктер мен «Отбасы» банкін насихаттап жатырмыз. Мемлекеттік бағдарламалар осы банктер арқылы жүзеге асырылады»,- дейді Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Ерлан Айтбаев.
Бұл орталық жастардың материалдық қиындықтарын ғана шешіп қоймай сонымен қатар әлеуметтік, рухани бағытта да жастарға демеу болып отыр. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметтеріне сәйкес, отбасын құрған азаматтардың үлесі 188 жасқа артқан.
«Үйлену оңай, үй болу қиын» деген сөз бар. Бірақ, көп жастар сол сөздің байыбына бара бермейтін сияқты. Үй болудың қандай болатынын жас кезінен санасына сіңіру мақсатында біз қаладағы «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығымен бірге көптеген іс-шаралар жоспарын түзгенбіз. Бірнеше рет жастармен кездесіп, оларға отбасын құрған соң туныдауы мүмкін кедергілер, ықтимал қиындықтар жайлы, отбасылық құндылықтар туралы түсіндірдік. Шынтуайтында, жастардың мәселесі шешімін тауып, қоғамда өзгерістер орын алса, біз бұны үлкен жобаға айналдырмақпыз. Психологиялық көмек беретін жоба «Бақытты мекен» деп аталады»,- дейді мекеме басшысы.