Күн санап түрленіп, абанаттандыру, көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатқан Түркістан қаласының аумағын 32 секторға бөлініп, әр сектор аудан, қала әкімдіктеріне, басқа да мемлекеттік мекемелерге бекітілгені белгілі. Бүгінде әр аудан өзіне бекітілген аумақта көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.
Түркістан қаласында Сайрам ауданына бекітілген 2 сектор аумағында көгалдандырылатын 9 көше бар. Ол көше жолдарына топырақ төселіп, тегістеу жұмыстары жүргізіллі, 1,2 шақырым бөлігіне бордюр орнатылды. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Б.Саттарханов көшесі бойындағы 10 тұрғын үйдің қасбеттері сырланып, шатырлары боялды. 3 жер учаскелерінің шекарасына 66 метрлік баннер ілінді. Жоспарға сәйкес, көшеттер егілді: 1750 дана терек,
2530 дана арша, 2820 дана қарағаш көшеттері отырғызылды.
Сонымен қатар ауқымды бөлікке газон егілді. Оларды суғару жағы да толық қарастырылған. Ол үшін 4 ұңғыма қазылды. 11 шақырымдық суғару жүйесі жүргізіліп, іске қосылды. Бүгінгі таңда бекітілген секторға жауапты арнайы маман жұмыс істеуде.
Ал сенбі күндері Сайрам ауданы тұрғындары арнайы келіп, санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізіледі.