АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАҒЫТЫНДА 8 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Screenshot_11.png

Үшінші  мегаполисте мемлекеттік бағдарламалар аясында ауыл шаруашылығын дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Нақтырақ айтқанда жалпы ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түліктермен толықтыру, еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру, АӨК өңделген өнімінің экспортын екі  есеге ұлғайту мақсаты көзделген. 

"Шымкентте агроөнімдерді өңдеуге басымдық берілуде. Мәселен, биыл ауыл шаруашылығында жалпы құны 24 млрд теңге 32 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде 7 жылыжай кешені, үш тауарлы сүт фермасы, 1 бройлер етін шығаратын жоба, 11 мал бордақылау алаңы, бір құс фермасы, 2 балық шаруашылығы, 2 жеміс көкөніс, 1 сүтті қайта өңдеу кәсіпорыны және төрт сауда нүктелерін кеңейту  немесе қайта жаңғырту бар",- деді баспасөз брифингінде сөз сөйлеген Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев.

Спикердің айтуынша бүгінгі таңда 931  млн теңгеге 8 жоба іске қосылып, жаңадан 51 жұмыс орны ашылды («Корно-1» ӨК, «Эгамназаров» ЖК, «Шымкент құс» ЖШС, «Асыл-жұлдыз», «Ералы» ШҚ, «Абдукаримов» ЖК, «Наркулов» ЖК, «Лапиев» ЖК). 

 Қала әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру шаралары аясында «Magnum Cash&Carry» ЖШС-не 1 млрд теңге, «Грамад» сауда желісіне 800 млн. теңге, «Фиркан» сауда желісіне 300 млн теңге және «Hermes» ЖШС-не 128 млн теңгеге келісім-шарттар түзіліп, айналымға қарыз-қаражат берілді. Келісімшарттар негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сатылып жатыр.  

Биыл  жалпы егілген 29,3 мың гектар алқаптан  71,7 мың  тонна өнім жинау күтілуде. Қаланың шеткі елдімекендеріндегі үй іргелік жерлерін тиімді пайдаланып, халықтың жағдайын жақсарту мақсатында инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі бағдарлама шеңберінде биыл 164,0 млн теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылады. Әрбір инновациялық жобаны іске асыру кезінде шаруаларға және тұрғындарға жобалар практикалық тұрғыда түсіндіріліп, көрсетілетін болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды