Қала күні қалай тойланбақ?

Screenshot_18.png

2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласының ресми туылған күні - 19 маусым. Өйткені дәл осы күні Елбасының Жарлығымен Шымқала үшінші мегаполис статусын алған болатын. Қалалықтарды атаулы датада биыл қандай тосын сыйлар күтіп тұр? 

Бұл туралы Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Есенова Ханзада  бұқаралық ақпарат құралдарына арнайы берген брифингте айтып берді.  Жиында басқарма басшысы  Қала күніне орай өткізілетін іс-шаралардың дайындық барысы жөнінде баяндады. 

Мерекелік іс-шаралар 15-20 маусым күндері аралығында өтеді. Білім, мәдениет, спорт, денсаулық салалары бойынша бес локацияда 52 іс-шара және театрлық сахнада екі – премьера, 22 - қойылым өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ , шаһарға  Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты  елдегі жетекші театрлары мен филармония ұжымдары шаһарға гастрольдік іс-сапармен келеді деп күтілуде. 

Қала күніне орай Абай кітапханасы,  Орталық балалар кітапханасы және «Шым қала» тарихи-мәдени кешені барысында үш музей ашылады дейді басқарма басшысы.

Айта кетейік 18, 19, 20 маусым күндері қатарынан үш күнде тұрғындар мен қонақтар  Шымкент қаласындағы барлық театрда қойылымдарды тегін тамашалай алады. Бір апта өтетін іс-шаралар санитарлық талаптарды сақтай отырып, Ashyq қосымшасын іске қосу арқылы өтеді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды