Шымкентте "алтын сапалы" шұлықтар тігіледі

Screenshot_15.png

Шымкентте айына 2 миллион шұлық шығаратын кәсіпорын жұмыс істеп тұр. «Әлем БТ» ЖШС-і - отандық нарықты толық қамтамасыз етуден бөлек, шетелге де өнімдерін экспорттап жатқан ірі кәсіпорындардың бірі. Бұл қазақстандық шұлық-тоқыма зауытының өнімдеріне сұраныс жоғары. Кәсіпорын қуаттылығы жылына 16 миллион жұп өнімді құрайды. Ерлер, әйелдер мен балаларға арналған 200-ден астам шұлық өнімдерінің ассортиментін шығарады. Кәсіпорын жұмыс істеп тұрған барлық кезеңде 2 млрд.теңгеден астам өнімді ТМД және Еуропа елдеріне экспорттады.

Шұлық шығару үшін ең басты шикізат – жіп, мақта. Ол  өзімізде бар,  жетпей жатса көрші Өзбекстаннан әкелінеді. 

Кәсіпорын  жіпті өздері бояйды. Шұлықтардың бағасы  шикізат көзі жіптің бағаларына байланысты нарыққа шығарылады.  Бүгінде Шымкенттен шыққан шұлықтарды кез келген қазақстандықтың  қалтасы көтереді. Нарықта олардың бағасы 80-300 теңге арасында.  

Бүгінде тоқыма цехында 240 тігін машинасы жұмыс істейді. Онда әр 3 минутта бір шұлық дайын болады. 

Қазір Қазақстан нарығында Түрік және Қытайдан  әкелінген  шұлықтар көп. Сондықтан  «Made in KZ» деген белгіде шұлықтарды сатылымға шығару оңай болмады.  Алайда отандық өндірушілер бәсекеге төтеп берді. Аз уақытта компания «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында шұлық импортын алмастыра алатындай жағдайға жетті. 

Айта кетейік, кәсіпорын былтыр «Алтын сапа» премиясын жеңіп алған болатын.  



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды