Көрпені кәсіп етті

Screenshot_29.png

Шымкентте қиындыққа ұшыраған отбасыларғақол ұшын беретін керекті әріерекше орталық бар. Ол «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығы. Дәл осы орталықтың арқасында бүгіндеталай шаңырақ шайқалмай, аяққа тұрып кетті. Солардың бірі

Шымкент тұрғыны Еркінай Көшкінбаева. Еркінай - 5 баланың анасы. Оның екеуі мүмкіндігі шектеулі. Еркінайдың өмірлік жолдасы да жазатайым оқиғадан соң жұмысқа жарамсыз болып қалған. Денсаулығы жоқ, баланың күтімі мен жұмыссыздық еңсесін түсірген көпбалалы ана «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығына келіп,  психологиялық кеңес алып тұрды. Нәтижесінде күйзелістен шығып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп жүр. 

Еркінай «Шаңырақ» орталығында өз кәсібін ашып, оны дамыту бойынша мамандардан кеңес алды. Үйде отырған көпбалалы ана  құрақ көрпе тігіп, кесте салып, өз туындыларын сатып,  өз кәсібін жүргізе бастады.

Шебер күні кеше өткен «КөрпеFEST-2021 – «Ата кәсібі - бала нәсібі» атты республикалық жобаға қатысып, жүлделі орындардың бірін иеленді. Енді ол Нұр-сұлтан қаласында өзінің туындыларын көрсететін болады. 

Айта кету керек, Еркінайдың  жолдасы да жұмысқа орналасқан. Денсаулығында кінәраты бар балалары «Шаңырақ»  орталығындағы «сазбалшық терапиясы» үйірмесіне қатысып жүр. 

Қиындықты еңсере білген  Еркінайдың ендігі мақсаты болашақта өзін әлі де жетілдіріп, кәсібін дамытып, балаларының бар жағдайын жасау.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды