Әкім әдебиет және өнер өкілдерімен кездесті

22.jpg

 Ордабасы ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесі аясында Қосжан Мүсірепов атындағы әдебиет және өнер бірлестігінің мүшелерімен кездесті. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Басқосу барысында бірлестік мүшелері атқарған жұмыстары туралы айтып, естеліктерімен бөлісті. 

Аудан басшысы өз кезегінде өңірдегі өзгерістерді тілге тиек етіп, өнер мен мәдениетті дамыту бағытындағы жоспарларын ортаға салды. 

- Ұлттың үніне тең болған аспабымыз - домбыраны насихаттау бойынша әр сәрсенбі ауданымызда арнайы шаралар өтуде. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі барлық ауыл округтерде жас ақындар мектебін қалыптастыру бойынша жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, туған жердің тарихын дәріптеуді көздейтін "Өлкетану" клубы жасақталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бүгінде жас ұрпақтың руханиятын көтеруге қатысты нақты нәтижелі жұмыс керек екенін ұдайы айтып келеді. Біз кезең-кезеңімен мәдениет ошақтарын ретке келтіреміз. Бастысы, кейінгі жас ұрпақтың мәдениеті сол жұмыстарды жетілдіруге жетуі тиіс, - деді Нұрбол Әбдісаттарұлы өз сөзінде. 

Ауданда Мәдениет қызметкерлері күніне арналған өзге де шаралар  ұйымдастырылды. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды