Мемлекет басшысы - Қ.Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшуді ұсынған болатын.
Тұжырымдаманың негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы диалогтың жоғарғы деңгейдегі ашықтығы және халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға жедел әрекет ету.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ ТО бойынша филиалы қалалық бөлімдерінде (Халыққа қызмет көрсету орталықтарында) департамент жанындағы ведомство аралық жұмыс тобы, жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйым мүшелерінің қатысуынмен, азаматтарды мемлекеттік қызметтер көрсетулер бойынша қоғамдық қабылдаудың кестесі бекітілген.
Бекітілген кестеге сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ ТО бойынша филиалы Кентау қалалық бөлімінде қоғамдық қабылдау өтті. Бұл туралы Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғамдық қабылдауда Кентау қалалық әкімдігіне қарасты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты бөлімдерінің мамандары қатысып, тұрғындарға тұрғын үй сертификаттарын беру, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту және әлеуметтік көмектер бойынша консультациялық кеңестер берілді.
Мұндай ел игілігі жолындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.