Мал бордақылау жобалары жемісін беруде

21.jpg

Былтыр халыққа арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігін екі-үш есеге арттыруды тапсырған болатын. Осы міндетті жүзеге асыру үшін Түркістан облысында көптеген жобалар жүзеге асуда. Мәселен Түлкібас ауданында мал бордақылау кәсібін дамытып, өз-өздерін жұмыспен қамтығандар қатары жыл санап артып келеді.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде ауданда үй іргелік шағын қораларды айтпағанда ірі қара және жылқыны бордақылаумен айналысатын 76 шаруашылық бар. Мұнда 2000 бастан астам ірі қара мен жылқы бордақылануда.

Сондай-ақ, аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен бұл бағытта зәкірлік жобаларды іске асыру жұмыстары жүйелендіріліп келеді. Атап айтқанда, Шұқырбұлақ ауылының маңындағы «Адал» шаруа қожалығы жаз айларында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 800,0 млн тенге несие алуға құжаттар өткізуде, несие алған жағдайда 1000 бас ірі қара мал бордақылауға қойылмақ.

Жеке кәсіпкер Өміралиев Шералы осыдан 5-6 жыл бұрын өз қаржысына 10-15 бас жылқы алып, мал бордақылау кәсібін бастаған болатын. Міне, бүгінгі таңда кәсібінің-нәсібін көріп отыр десек артық айтқанымыз болмас. Бордақы басын жыл санап арттыруда. Яғни, 70 бас ет бағытындағы «Ақ бас» ірі қараны, 250 бас «Қазақы қой» және 30 бас жылқы бордақылап, етінің әр келісін 1900-2000 теңгеден ауданның сауда қатарларына өткізуде. Мал бордақылауда отбасық кәсіпке айландырып, үлкен жанұясының барлық мүшелерін жұмыспен қамтып отыр. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды