Түлкібаста балық шаруашылығы дамып келеді

15.jpg

Халыққа арнаған былтырғы Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін 7 ірі экожүйе қалыптастыруға болатынын алға тартып,  балық шаруашылығына да ерекше мән беру жөнінде  міндет жүктегені белгілі. Балық шаруашылығы бүгінде Түркістан облысында қарқынды дамып келеді. Өңірде мемлекеттік қолдаулардың арқасында өз шаруашылығын қалыптастырып жатқан кәсіпкерлер аз емес. Мәселен  Түлкібас ауданында осы кәсіпке ден қойған шаруақожалықтардың саны жетеуге жетіп отыр. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 

Соның бірі Жаскешу ауылдық окуругіндегі «Юлдуз-2» серіктестігі. Аталған қожалықтың балық өсіріп келе жатқанына 2 жыл болған. Алты гектар аумақты алып жатқан жасанды су тоғанға кәсіпкер бастапқыда 14,5 мың сазан, карп және дөңмаңдай (толстолоб) балықтарының шабақтарын жіберген. Бүгінде шаруашылық алғашқы жемісін бере бастаған. Мәселен, қожалық иесі орташа есеппен айына 300 келі балықты аудан және Шымкент қаласының сауда орталықтарына өткізіп келеді.

Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстарды дамыта түсу үшін мемлекеттік бағдарлама аясында балық жемінің 30 пайыз шығындары субсидияланып, тиісті қолдаулар көрсетілуде.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды