Азаматтардың өтініштері бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы қаралады

4.jpg

 Президенттің Жолдауында тапсырылған «Халықтың үнінен құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес барлық мемлекеттік және сот органдарына, сондай-ақ өтініш берушілерге өтініштерді қараудың бүкіл тарихы сақталатын «Е-Өтініш»  бірыңғай базасы жұмыс істейді.  Түркістан облысына жұмыс сапармен келген Президенттің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова бастаған жұмысшы топ осы базаның жұмысы жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жұмысшы топ Конгресс холл ғимаратында бірнеше кездесу өткізіп, Түркістан облысының Халыққа қызмет көрсету орталығында болды.

Түркістан облысына қарасты ауылдық округ әкімдері, ардагерлер, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, жастар, Халыққа қызмет көрсету орталығында қызметкерлермен кездесіп, мемлекеттік органдар жұмысының жаңа жағдайдағы жұмыс ерекшеліктері және өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттырудың жаңа мүмкіндіктері мен жолдарын көрсетті. Жұмыс тобының құрамында жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың - Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі, Юстиция  министрліктерінің, Бас прокуратураның және басқа да мекемелердің өкілдері болды.

Мемлекеттік органдар өтініштерді бұдан бұрын қабылданған шешімдер мен жауаптарды ескере отырып, әкімшілік іс қалыптастырады. Жөнелту болмайды. Базада басшылардың өзінен төменгі құрылымдарға арналған, көтерілген мәселелерді шешу туралы тапсырмалар не ұсыныстар жазылған қарарлар болады. шағымдану кезінде шешімдердің немесе жауаптардың негізділігін мемлекеттік орган дәлелдейді.

Жыл басынан бері облыс бойынша азаматтардан 17 000-нан астам өтініш келіп түскен. Хаттар үш түрге бөлінеді: стратегиялық, типтік және шағымдар. 1 шілдеден бастап бірыңғай ақпараттық жүйесіне кезең-кезеңмен көшу жүзеге асырылатын болады және азаматтардың мемлекеттік органдарға өтініштері бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы түсетін болады. Осы жүйенің көмегімен өтініш беруші өтінішті қарау барысын бақылай алады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады