Инватакси қызметі тегін

Screenshot_18.png

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты  Жолдауында қам­тылған әр мәселе қоғам үшін зор ма­ңызға ие. Стра­тегиялық құ­жатта негізінен қазақ­стандықтардың әл-ауқатын арттырып, тұрмысын жақсарту жайлы кеңі­нен айтылды. Оның ішінде Елбасы мүмкіндігі шек­теулі тұлға­ларға арналған «кедергісіз орта» қа­лыптастыруға байланысты бірқатар тапсырма берген болатын. Атап айтқанда қоғамдық орындар мүгедек жандардың жүріп-тұруына қолайлы болуы керектігі және мүмкіндігі шектеулі азаматтар қажетті жеріне қиналмай баруын қамтамасыз ету үшін инватакси қызметін ашу айтылған болатын.

Осы ретте   Шымкентте биыл инватакси қызметін пайдалануға 500-ден астам азамат өтініш білдірген. Бүгінде Шымкентте жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыруда тиісті шаралар атқарылып жатыр. Мүгедектігі бар азаматтардың белсенді өмір сүру салтын қалыптастыру мақсатында инватакси ұйымдастырылған.

Шымкент қаласында мүгедектерге арналған такси қызметі пайда болғанына биыл 10 жыл. Жоба «Қалалық мүгедектер қоғамы» бірлестігінің бастамасымен жүзеге асқан. Инватакси қызметін жыл басынан бері 500-ден астам азамат қызмет алуға өтініш тапсырған. Күніне 170-180 тапсырыс қабылданады. Өтініш беруші 1 күн бұрын диспетчерге (8 (7252) 57-70-06) хабарласып тапсырыс қалдыра алады. Инватакси қызметі тегін.  Бекітілген 18 автокөлік арнайы жылжымалы құрылғымен және кресло-арбаларды орнатуға арналған құралдармен жабдықталған. Арнайы көліктермен азаматтар қала ішіндегі қалаған мекен-жайына бара алады. 

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында 37 046 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оның ішінде: бірінші топ-3324, екінші топ-14 950, үшінші топ – 12 288. Ал 18 жасқа дейінгі 6484 мүгедек бала тіркелген.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды