Қаланың тазалығына экополицейлер ат салысуда

Screenshot_17.png

Өмір сүріп жатқан ортаңды таза ұстау мәдениеттілікке жатады. Сондықтан әрбір тұрғын өз қала, мекенінің тазалығына мән беруі керек.  Осы орайда Шымкент қаласының тазалығына экополицейлер де ат салысуда. Мұндай шенді мамандар Шымкент қаласының тазалығын қамтамасыз ету, тұрғындарда тазалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен Полиция департаменті қызметкерлерінен құрылған болатын. Әр ауданға төрт маманнан тартылған. Жыл соңына дейін мамандар санын онға жеткізу жоспарлануда.

Олар «Мүлдем төзбеушілік қағидаты» бойынша әрбір құқық бұзушылыққа дер кезінде ден қою үшін «уатсап» желісі арқылы чаттар құрып, оған белсенді азаматтар, үй тұрғындары мен үй төрайымдарын, блогерлерді енгізген. Бұл әдіс құқық бұзушылықтарды анықтау, дер кезінде тиісті шара қабылдау бағытында оң әсерін тигізуде. 

Бұдан басқа қалада қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тазалыққа бағытталған «Шымкент-Таза қала» атты айлық өткізді. Іс-шара 26 сәуірден бастап қайта жалғасын тапты. 

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде тәртіп сақшылары 4 айда 13 312 «Мүлдем төзбеушілік қағидаты» бойынша экологиялық құқық бұзушылық анықтаған. Әкімшілік кодекстің 434-2 бабы (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) -1927 (2020 ж.-1138), 505-бап (абаттандыру қағидаларын бұзу) бойынша -3661 тұлғаға (2020 ж.-721) хаттама толтырылды. 

Сонымен қатар, Патрульдік полиция полкі қызметкерлері жол жабындысын ластаған 7724 жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдаған. Осы орайда, экополицейлер тұрғындарды қоқысты рұқсат етілмеген жерге тастамауға, қаламызды таза ұстауға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақыруда. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды