ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев экономиканың 7 көрсеткіші бойынша оң өсім Шымкент қаласы және Маңғыстау облысында байқалып отырғанын атап өтті.
Сонымен миллиондық қалада 2021 жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысымен өнеркәсіп өнім көлемі 243,3 млрд. теңгені құраса, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,4 пайызға жеткен. Бұл көрсеткішпен қаламыз еліміз бойынша 1 бестікке кіріп отыр. Ал, ауылшаруашылығының өнім көлемі 9,3 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 1,6 пайызға өскен. Бұл жерде шаруалар үшін қала әкімінің «Егістік алқабынан сөреге дейін» деген бастамасы көп көмегін тигізіп отыр. Оған қоса жылыжай көлемінің ұлғайуы жергілікті тұрғындары жыл онекі ай көкніспен қамтуға негіз болмақ.
«Шымқалаға тартылған инвестиция көлемі 59,7 млрд. теңгені құрап, 25,2 пайызға артты. Өсім бойынша қаламыз республикада бірінші бестікке кірді. Сонымен қоса, құрылыс жұмыстарының көлемі 19 млрд.теңгені құрап, 22,5 пайызға өсті. Сондай-ақ, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 111,3 мың шаршы метрге жетіп, 6,3 есеге ұлғайған. Бұл көрсеткіштің өсімі бойынша қаламыз республикада көш басынан көрінді»,- дейді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Әбу-Насыр Жанбатыров.
Шымкентте тұрғын үй мәселесінде де ілгерушілік байқалады. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 1 млн. шаршы метр, яғни 262 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді.Баспана құрылысы негізінен Әкімшілік-іскерлік орталық, Шымкент сити және Тұран шағын аудандарында жүргізілді.2020 жыл қорытындысымен құрылыс басқармасымен 286,4 мың шaршы метр, яғни 53 көпқабатты пәтерлер пайдалануға берілді»,- дейді - Шымкент қалалық құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов.
Инвестиция және құрылыс жұмыстарының өсімі «ПКОП» ЖШС – мұнай өңдеу зауытында қайта құру және жаңа құрал-жабдықтар алу, «Hevel Kaзахстан» ЖШС-мен күн электрстанциясының, жол айрығы, тұрғын үй құрылысы есебінен болды. Ал, жалпы сауда көлемі 103,9 пайызды құраса, көлік көлемі 105,9 пайызды құрап, республикада көш бастады.