Тұрғын үй құрылысы қарқын алды

Screenshot_19.png

Шымкентте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Карантин талаптары бұл салаға кедергі емес, дейді жауаптылар. Қазір қалада 79 баспана салынуда. Жыл аяғына дейін екі жарым мыңға жуық пәтер тапсырылады деп күтілуде.

Құрылыстағы ерекше жаңалық биыл Шымкентте алғаш рет  құрастырмалы тұрғын үйлер салынуда. Дайын материалдардан салынатын баспаналар басқаларына қарағанда тез бітеді. Сапасы жоғары, сейсмикалық жағынан да төзімді келеді дейді құрылысшылар.

«Қазір құрастырмалы төрт тұрғын үй салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары дәстүрлі құрылысқа қарағанда бір жарым есеге ерте аяқталады. Жаңа жұмысқа құрылысшылардың да  қолы үйреніп жатыр»,- дейді компания өкілі Бағлан Қатпалов.  Әкімшілік іскерлік орталығынан салынып жатқан 9 қабатты  тұрғын үйлерде қазір әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.  Инженерлік-коммуникациялық жүйелер жүргізіліп, кафельдері салынған.  Мердігерлер былтырғы жылы жұмыс күші тапшы болып, материалдарды жеткізуде де біраз қиындық туандағанын жасырмайды. Қазір нысандағы жұмыстар өндірістік кестеге сай жүргізілуде  екен.  «Материалдардың 90 пайызы отандық өнімдер. Бүгінде  үш үйдің құрылысына 975 млн теңге қаралған»,- дейді компанияның бас инженері Сәбит Нұрқышев.

Шымкентте бүгінде тұрғын үй құрылысына 4 мыңға жуық жұмысшы тартылған. Бой көтеріп келе жатқан 79 баспананың 65 – креттік, қалғаны арендалық тұрғын үй.  Жылдың соңына дейін оның 40 щақтысы пайдалануға беріледі. Қалғаны келесі жылға өтпелі. Салаға жауаптылар барлық тұрғын үйлердің құрылысы бекітілген кестеге сай аяқталады дейді. Сапасы да қатаң қадағалауда.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды