Мембағдарламалардың мәнін түсіндірді

Screenshot_4.png

Орта және шағын кәсіпкерлік – ел экономикасының негізгі қозғаушы күші екені рас. Сондықтан билік халықтың кәсіппен айналысуына барлық қолайлы жағдайды жасауда. Мәселен түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы бүгінде өз кәсібіңді ашып, дөңгелетуге болады. Карантин жағдайында бағдарламаларға бірқатар жеңілдіктер беріліп еді. Осы мәселеге қатысты Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев және «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Шымкент қаласы бойынша аймақтық филиалының директоры Алмас Тастановтың қатысуымен шағын және орта бизнестің мәселелері туралы жиын өтті.

Басқосу барысында Айбек Берікұлы пандемия кезінде кәсіпкерлік субъектілерге көрсетілетін қолдау бойынша айтып, мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар жөнінде сөз қозғады. Яғни, орынбасар кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың талаптары мен тиімділігін жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар кәсіпкерлерге «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» арқылы беріліп жатқан несиелер мен жеңілдіктер жөнінде айтылды. 

Іс-шара кезінде бизнес өкілдерін қолдауға инвестициялық орталықтар белсене атсалысып жатқаны сөз болды. Одан бөлек, жаңадан ісін бастаған кәсіпкерге кездесетін кедергілерді шешу жолдары қарастырылды. Айта кетейік, жиынға кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері мен қаржы институттары қатысты. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды