«Еңбекпен» өз ісін дамытты

Screenshot_3.png

Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Қазіргі таңда біздің елімізде жұмыссыздықты жою мақсатында көптеген мәселелер қарастырылып жатыр. Жұмыссыздық мәселесі көбінесе жастардың әлеуметтік әл-ауқатына ерекше әсер ететін мәселелердің бірі. Себебі, Қазақстанның болашағы –жастардың қолында!  Міне, осы жастарды жұмыспен қамту мақсатында республикада «Еңбек» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. 

Мемлекеттік бағдарлама арқылы жұмыс тапқан шымкенттік жастардың бірі  - Алёна Адилбекова. Ол аталмыш аясында кәсіптік-техникалық мамандарды даярлайтын қысқа мерзімді оқыту курсынан өткен. Алдымен Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз мәртебесімен тіркеліп, 3 айлық «Тырнақ әрлеу шебері (маникюр)» мамандығы бойынша білім алады. 1 ай теория, 2 ай тәжірибе жинаған жас маманға тегін білім беріліп, ай сайын 17 мың теңгеге жуық шәкіртақы төленген.

- Қазіргі таңда қыз-келіншектердің арасында маникюр қызметі үлкен сұранысқа ие. Бұл іспен айналысу өзіме қатты ұнайды. Қысқа мерзімді курс арқылы «Территория профессоналов» студиясында шеберлікті меңгеріп, қолыма куәлік алдым. Оған қоса осы студияда тұрақты жұмысқа орналастым. Шәкіртақыға керекті құрал-саймандарды сатып алып, өз ісімді дамытуыма зор қолдау таптым, - дейді Алёна Адилбекова.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – азаматтардың қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай жұмысшы мамандығына даярлау, өз мамандығы бойынша жұмыс таппай жүргендерді қайта оқытып, кәсіптік біліктілігін көтеру. Бүгінде қалалық жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз азаматтар үшін дизайнер, кондитер, тігінші, автоэлектрик,тас қалаушы, кран машинисті,визажист,шаштараз шебері,аспаз сынды 30- дан аса мамандықтар тізбесі бекітілген. Оқу мерзімі - 3 ай, 2 ай тәжірибе. Аптасына 6 күн, күніне 6 сағат оқиды. Ай сайын шәкіртақы төленіп отырады. Оқу курстары топтардың жинақталуына қарай жүзеге асырылады. 

Шымкентте биыл бағдарлама бойынша 2500 адамды оқыту жоспарлануда. Былтыр қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2000 адам жолданып, 1990 азамат оқуын тәмамдаған соң куәліктерін алған.Нәтижесінде, 1590 адам жұмыспен қамтылды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды