Индустриалды аймақтардың болашағы кемел

Screenshot_11.png

Президенттің өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында құрылған  үшінші   «Жұлдыз» индустриалды аймағының қанаты кеңге жайылып келеді. Мамандардың мәліметінше  жалпы аумағы 306 гектарды құрайтын аймақта құны 100 миллиард теңге болатын 25 жобаның пулы жасақталды. Бүгінде индустриалды аймақтың инфрақұрылым құрылысын жүргізу үшін қажетті бюджеттік қаржы қаралуда. Сонымен қатар, 302 га жер учаскесінің мемлекеттік актісі алынды. Инвесторларға жер учаскелерін бөлу осы жылдың маусым айына жоспарлануда.   2021-2022 жылдары 230 гектар жер игеріледі деп күтілуде. 

Бұдан бөлек, қаладағы индустриялық аймақтарда «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында көптеген жобалар жүзеге асырылып келеді. Салаға жауаптылардың айтуынша ағымдағы  жылы жалпы 25,9 млрд. теңгеге 416 жұмыс орнын құрумен 9 инвестициялық жобалардың іске қосылуы жоспарлануда. Сондай-ақ, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында осы жылы 11,5 млрд. теңгеге 301 жаңа жұмыс орнын құрумен 6 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.

Айта кетейік, «Оңтүстік» индустриалды аймағында 72 жоба іске қосылып, онда 4,5 мыңға жуық жұмыс орындары ашылды және оған 62 млрд. теңгенің инвестициясы тартылған. Ал, «Тассай» индустриалды аймағында жалпы құны 26,3 млрд. теңгелік 17 жоба іске қосылып, онда бір мыңға жуық жұмыс орындары ашылған.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды