Тіл үйренушілердің қатары артып келеді

Screenshot_19.png

Мемлекеттік тілді оқып-үйрену, меңгеру - Қазақстан азаматтарының парызы. мен міндеті саналып, бәсекеге қабілеттілігі және қоғамдық өмірге араласуының белсенділігін айқындайтын ынталандырушы тетік болуға тиіс. 

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында 2021 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесін 0,5%-ға, орыс тілін меңгерген тұрғындар үлесін 0,5%-ға, ағылшын тілін меңгерген тұрғындар үлесін 0,7%-ға арттыру жоспарланған. 

Бағдарламада тіл үйрету орталықтарының жұмыстарын жаңаша құруға баса назар аударылған.  Бұл міндеттерді орындауда Тілді дамытуға жауапты мемлекеттік мекемелермен қатар  Тіл орталықтары да ауқымды жұмыстар атқарып келеді. 

Қазіргі танда Шымкент қаласында тіл саясатын жүзеге асыратын тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы жұмыс істейді.  Бағдарлама аясында ағымдағы  жылғы бірінші тоқсанда орталықта 464 адам тіл үйрену курстарынан өтуде: соның ішінде қазақ тілі – 279, орыс тілі – 47 және ағылшын тілі – 138.

Шымшаһардағы Тілдерді оқыту әдістемелік орталығы мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіруде. Орталық оқытушыларының біліктілігін арттыруда, түрлі қалалық, аймақтық шараларды ұйымдастыруда және қатысуда да белсенділік танытып келеді.  Орталық осы уақытқа дейін Мемлекеттік бағдарлама аясында оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеп, тіл үйренушілерге таратуда. 

Орталықтың мамандары әрбір жеке тұлғаның  тіл үйренуде, өз кәсіби саласында қолдануда, шығармашылық жолында,  ауызекі сөйлесу арқылы  тілдік қарым-қатынас жасауда, оқу, жазу, түсіну, тыңдау және сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда тіл үйренушілердің қажетті лингвистикалық  сұраныстарын қанағаттандырып келеді. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды