«AntiParaCraft» квест ойыны өтті

Screenshot_6.png

Үшінші мегаполисте жақында ғана ашылған «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінде Шымкент қалалық Білім басқармасы және «Sanali Urpaq» жобалық кеңсесімен бірлесе ұйымдастырылған колледж аралық «AntiParaCraft» квест (дебат) ойынының достық кездесуі өткізілді. Бұл квест ойынына Шымкент қалалық Политехникалық колледжі «Sanali Urpaq» клубының мүшелері Ізетбай Дина, Едіге Есімхан, Орынбасар Алтынай қатысты. 

Іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою, сыбайлас жемқорлыққа бару тәуекелдерінен сақтану, жастарды парақорлыққа төзбеуге шақыру, білім саласын жең ұшына жалғасқан осы бір індеттен тазартудың жолын талқылау. Аталмыш іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали, республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел қонақ болып қатысты. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін өскелең ұрпаққа ең алдымен, парасатты тәрбие беру керек деген шара қонақтары  жастарға өз ақыл-кеңестерін берді.

Қызықты әрі тартысты өткен квест ойыны соңында белсенділік танытқан қатысушыларға Білім басқармасының Алғыс хаттары табысталды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады