Қызғалдақтар жайнап тұр

Screenshot_21.png

Шырайлы Шымкент десе көз алдымызға қызғалдақ елестейтіні бекер емес. Көктемі ерте шығатын бұл шаһарда күн жылына салысымен қып-қызыл қызғалдақтар бүр жарып шыға келеді. Бүгінде қаласының символы болып табылатын қызғалдақ қазір гүл ашып, үшінші мегаполисті ажарландыра түсуде.

Жалпы, былтыр күзде қаладағы көшелер мен гүлзарларда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы негізінде 1 миллионнан аса қызғалдақ егілген болатын. Қаланы көріктендіруші мамандар гүлдерді арнайы кескіндердің ізімен еккен. Қызғалдақтар, мысалы, ұлттық ою-өрнектер, қаланың логотипі мен геометриялық кескін пішінінде гүлдеп тұр.  Мамандардың айтуынша, қызғалдақ бір айға жуық уақыт бойы гүлдеп тұрады. Содан кейін жазға қарай олардың орнына басқа гүлдер егіледі. Жаздық гүлдер де көгалдардың, субұрқақ кешендері мен қала көшелерінің көркін аша түспек. 

Айта кетейік, қазіргі таңда әлемде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар. Оның ішінде 75-ке жуығы жабайы және кең жайылған 150 түрі кездеседі. Елімізде қызғалдақтың 30-дан астам түрі болғандықтан, «Қазақстан – қызғалдақтың отаны» болып есептеледі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды