Есірткі қылмысының жолы кесілуде

Screenshot_22.png

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2020 жылда жүргізген профилактикалық рейдтік іс-шараларын нәтижесінде есірткі құралдары насихатталған және жарнамаланған жалпы 111 интернет сайттар мен әлеуметтік желі парақшалары анықталып, бұғаттау үшін құзырлы мемлекеттік органдарға жолданған. Сонымен-қатар қала аумағындағы ғимараттар мен үй-жайлардың сыртқы қабырғасына есірткі құралдары жарнамалап салынған 507 мекенжайлар анықталып жойылды.

Есіркіге ерте жастан тәуелді болудың алдын алу және жасөспірімдер арасында есірткі қылмыстарын болдырмау мақсатында Полиция департаментінің ұйымдастыруымен жалпы 43 түрлі іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда: 1 акция, 1 дөңгелек стол, 1 спорттық шара, 1 конкурс, 5 семинар, 10 жұмыстық кездесу, 15 дәріс және 9 басқа да іс-шаралар бар. Іс-шараға жалпы 512 адам қатысты. Оның басым бөлігі карантиндік режимді ескере отырып онлайн нысанда, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді. Іс-шараларға мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес орган өкілдері, қоғам белсенділері мен еріктілер жұмылдырылды.

Өткізілген іс-шаралардың басты мақсаты азаматтарға салауатты өмір салтын насихаттау, оны ұстануға баулу, психикалық саулығын нығайту, қоғамды есірткіге қарсы қою, халық арасында есірткіге қарсы иммунитетті барынша көтеру, есірткінің заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою, есірткіні пайдаланудың зиянды жақтары мен оның заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылық түрлері бойынша белгіленген жауаптылықты түсіндіруге бағытталды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды