«Қазақстан 2050» Стратегиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсізідк жылдарында Денсаулық сақтаудың бес инновациялық объектісі – Балаларды оңалту орталығы, Ана мен бала орталығы, Нейрохирургия, Шұғыл медициналық көмек және Кардиология орталықтары кіретін медициналық кластер құрылғанын, енді
елдің барлық өңірлерінде сапалы медициналық қызметтер алу үшін қажетті жағдай жасалатынын мәлім еткен болатын.
Осы мақсатта Жетісай ауданында науқастар енді жүрегіне ота жасату үшін облыс орталығына сабылмайтын болды. Бұл туралы жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызиметі хабарлады.
Жетісай аудандық орталық ауруханасы 2009 жылы пайдалануға берілген. Мұнда барлығы 301 төсек-орындық бар. Одан бөлек аудандық ауруханаға қарасты 14 клиникалық бөлім мен қалалық және аудандық емхана бөлімдері жұмыс істейді.
Жалпы барлық бөлімдерде 167 дәрігер (жоғары категориялы дәрігерлер-33), 646 орта буынды мед.кызметкерлер (соның ішінде жоғары категориялы мейірбикелер-256), аудан халқына медициналық қызмет көрсетеді. Былтырғы жылы наурыз айында бір мезгілде 500 ауру қабылдай алатын жаңа емхана іске қосылған болатын.
" Сонымен қатар, өткен жылы қазан айында қуаттылығы 200 кислородтық нүктеге жететін және күніне 200 оттегі баллонын толтыра алатындай кислородтық станция орнатылған.
Одан бөлек, осы жылы" Ангиограф" аппараты орнатылайын деп жатыр. Бұл аппарат жүректің инфаркті және инсульт алған науқастарға ем қабылдауына көмектеседі. Ел аузында айтылып жүрген "стендті" бұдан былай өзіміздің дәрігерлер қоятын болады. Оған арнайы біліктіліктен өткен мамандарымыз дайын " дейді Жетісай ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері Жолдасбеков Нұрлан Өтебайұлы.