Шәкірттер екі форматта білім алады

20..jpg


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында:

- Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың бәріне бірдей мү쬬кін¬дік туғызу үшін жүйелі шаралар қа¬бы묬дау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек,-деген болатын. 

Пандемия кезінде шәкірттерге сапалы білім беру өзекті мәселеге айналып тұр. Осы сапалылық пен тиімділікті қамтамасыз ету үшін Түркістан облысындағы мектептер IV тоқсанда оқытудың аралас форматына көшеді. Яғни, пәндердің бір бөлігі дәстүрлі түрде, бір бөлігі қашықтан оқытылады. Ал, 300 оқушыға дейінгі контингенті бар білім ұялары дәстүрлі жұмыс режимін жалғастыра береді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев мәлімдеді.

Оның сөзінше, министрлік негізгі пәндерді штаттық форматта, музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері сияқты пәндерді қашықтан өткізуді ұсынған.

«Баршаға мәлім 25 наурызда Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің коронавирустық инфекцияны таратуға жол бермеу бойынша жаңа қаулысы шықты. Осыған байланысты биылғы оқу жылының соңғы тоқсанындағы оқу процесіне аз-кем өзгерістер енгізіліп отыр. Алдағы күндері 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша сыныптарды 25 оқушыдан артық толтырмай оқытуға жол беріледі. Сабақтың ұзақтығы - 40 мин. Ауысымдар бойынша сыныптар санын, сондай-ақ жекелеген пәндерді қашықтан оқытуды мектеп белгілейді. Ерекше жағдайларда ата-аналардың өтініші бойынша балаларды қашықтан оқыту форматында қалдыруға рұқсат етіледі. Мектептерде оқу процесін ұйымдастыру кезінде барлық эпидемияға қарсы іс-шаралар қарастырылатын болады», – деді Р.Қуатбекұлы.

Сонымен қатар, білім беру нысандарындағы асханалардың жұмысы санитарлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылады. Ал, оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейді, сабаққа еркін және ұқыпты киімде қатысуға рұқсат етіледі.

Айта кетейік, облыста III-тоқсанда 13 2064 оқушы дәстүрлі форматта, 28 6168 оқушы қашықтан оқытылған.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды