Түркістанда тың технологиялар нәтиже берді


 22.jpg

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясында ең жаңа агротехнологияларды қолдануға бағытталған орта және ірі тауарлық ауылшаруашылық өндірістерін құруды тапсырғаны белгілі. Осы мақсатта бүгінде Түркістан облысының ауыл шаруашылығында тың технологиялар қолға алынып, жақасы нәтижде беруде.

Мәселен  былтыр өңірде «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағытында 2 мыңдай жоба жүзеге асырылып,  262 мың тоннадан астам өнім өндірілді. Нәтижесінде қосымша  18,4 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Осы жобаның тиімділігіне  орай, ағымдағы жылы 6 мың гектарға 2 760 жобаны жүзеге асыру басталды.

«Сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылықтарға тамшылатып суғару технологиясын ендіру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жобасы қолға алынды. Нәтижесінде 286 жоба жүзеге асырылып, әр отбасы 1 млн. теңгеден табыс тапты. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасымен жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мемлекеттік гранты есебінен 105 жоба қаржыландырылды. Ағымдағы жылы 300 жоба жүзеге асыру жоспарлануда. Облыста жылыжайлар көлемін 1 400 гектарға ұлғайту көзделуде»,-деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында.

Сонымен қатар, Түркістан облысында қарқынды бау шаруашылығы кеңінен дамып, көлемі 3 мың гектардан асты. Бір мың гектардан асатын алқапқа қосымша отырғызылмақ. Су үнемдеу технологиялары 24,1 мың гектарға ендіріліп, 10,2 мың гектарға ендіру жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда, «Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптасыру» жобасы аясында  11 мың гектарға жаңбырлатып суару технологиясын ендіру көзделіп отыр. Қазіргі таңда азық - түлік  белдеуінде 1,6 мың гектарға 

33 жаңбырлатып суғару машиналары орнатылып екі өнім алынуда. Тәжірибе технологияның тиімділігін көрсетті. Дақыл түріне қарай ағын суды 2-3 есеге үнемдеп, өнімділікті 2-3 есеге артты.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды