«Түркістан декларациясы» қабылданды

12..jpg


Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбында өткен бейресми онлайн режимдегі саммитінде «Түркістан декларациясы» қабылданды.

 «Кеңесіміздің мәртебесін арттырып, институционалды құрылымын нығайту мақсатында оны толыққанды ұйымға айналдыру уақыт талабы. Осы ұсынысты саммит қорытындысы бойынша қабылданатын «Түркістан декларациясына» енгізіп, бекітуді ұсынамын», - деді жиында Қазақстан Президенді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Саммит барысында Мемлекет басшысы бүгінгі тарихи басқосуды түйіндей келе, тұтас Түркі әлемі маңыз зор «Түркістан декларциясын» қабылдауды ұсынды. Қатысушы тараптар бірауыздан ортақ келісімін білдірді.

«Баршаңызды декларациясының қабылдануымен құттықтаймын. Осымен бейресми саммиттің жұмысы аяқталды. Бірлігіміз жарасып, Наурыздан Наурызға бірге жете берейік», - деді ҚР Президенті. 

Айта кетейік, бейресми саммитті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, жүргізді. Жиынға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев қатысты.

Айта кетері, жиын алдын ала жоспар бойынша Түркістан қаласында өтуі тиіс еді. Алдайда пандемияға байланысты ол онлайн форматқа ауыстырылды.  


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды