Садыр Жапаров: Түркістан түркі әлемі бірлігінің символы


9..jpg

Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми онлайн режимдегі саммитінде Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Түркістан қаласының маңыздылығы туралы пікір білдірді.

«Ежелгі Түркістан қаласы туралы әлем елдері жақсы біледі және шаһар түркітілдес елдердің тарихына алтын әріппен жазылған. Бұл қала түркітілдес әлемнің бірлігінің символы, сондай-ақ түркі өркениетінің негізі деп айтуға болады», - С. Жапаров.

Осы орайда ол Түркістан қаласының тарихи мұрасы өте зор екенін және түркі әлемінің өте маңызды орны болып саналатынын атап өтті. Бұдан бөлек ол Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің жұмысына алғысын жеткізді.

«Осы ұйым арқылы экономикалық, мәдени, гуманитарлық және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін көп тарапты қатыныстарымыз жалғастыруымыз керек. Ұйым елдері коронавирус инфекциясы салдарын еңсере алады деген үміттемін. Бір-бірімізге көмек көсетіп, түрлі көп тарапты жобаларды жасасақ деген ұсыныс бар. Түркі кеңесі инвестициялық қор жасауды ұйғарды және бұл өте маңызды жоба», - деді Қырғызстан Президенті.

Айта кетері, бейресми саммитті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, жүргізді. Жиынға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев қатысты.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады