Оқушылар экомәдениетті сақтауға шақырды

Screenshot_5.png

Шымкент қаласында "Экосана" жобасы аясында қала тұрғындарына арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының ең үздік экологияны қорғауға бағытталған бірнеше жобалары қойылды.

Сонымен қатар, экологиялық білімді арттыру мақсатында құрылған "Экосана" жобасы аясында құрылған көрмеге Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мади Манатбек және Шымкент қаласы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің басшысы Ерлан Айтбаев қатысты. 

Көрмені тамашалаған әрбір қонақ Зияткер оқушылардың жобаларына қызығушылық танытып, зор ықыластарын білдіртіп жатты. Көрменің көркін одан әрі қаламызға танымал әншілер мен мың бұралған бишілер аша білді.

Ұйымдастырылған бұл көрме NIS жүйесінде көктемнің игі дәстүріне айналған оныншы Наурыз кездесулеріне тұспа-тұс келгендігі де қуантады. Себебі "Экосана" жобасы мен "Планета және пластик: адамзат экомәдениеті" тақырыбында өтіп жатқан Наурыз кездесулерінің мақсаты бір. Оқушылардың таныстырған жобалары  әлемді пластик қалдықтарынан тазартуға және адам бойына экомәдениетті қалыптастыруға арналған.

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 9 шілдедегі «Шымкент қаласын дамытудың және құрылысын салудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, мегаполистің жасыл белдеуін тағы 13 мың гектарға ұлғайту көзделген. Ал жалпы, алдағы жылдары Шымкентте 5 миллионнан астам тал-дарақ егілмек. Қазіргі таңда «Жасыл белдеу» мекемесіне қарасты 1483 гектар жерде 263 мың тал өсіп тұр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды