Алатаудан жыр асырған, айтыс өнерінің саңлағы, халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» КММ мен «Энергетика және байланыс колледжі» бірлесіп «Ғасырды арқалаған жырлы Жамбыл» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды. Кештің мақсаты: студенттерге жыр алыбы Жамбыл ақынның өмірімен шығармашылығын меңгерте отырып, Жамбылдың ақындық таланттын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге тәрбиелеу,ақын өлеңдерін талдай отырып, студенттердің дүниетанымы мен ой өрісін дамыта отырып, Жамбыл шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге баулу. Кеш аясында кітап көрмесі көрсетіліп, студенттер, оқушылар Жамбыл ақынның өлеңдері мен дастарын, ақынға арнау өлеңін орындады. Әдеби кешке белсене қатысқаны үшін 20-03 топ студенттері ұйымдастырушылар тарапынан марапатталды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Жоба аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады.