2020 жылы Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілген болатын. Бағдарламаның арқасында республикада балалар мен жасөспірімдер спорты дамып келеді. Мәселен өткен жылы салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде республикада 1,5 миллионнан астам адамды қамтыған 21 мыңнан астам бұқаралық спорттық шаралар өткізілді. Мектеп оқушылары арасында 1, 938 мың мектеп жасындағы балалар дене шынықтырумен және спортпен қамтылған. Жалпы білім беретін мектептерде спорттың әр түрінен спорт клубтарының желісі кеңейіп келеді.
Үшінші мегаполисте де спортты серік еткен жастардың қатары көбейіп келеді.Бұған ұйымдастырылып жатқан спорттық шаралар оң әсерін тигізуде. Айталық жақында Шымкентте спорт және шеберлік күні аясында спорттық сайыс өтті. №129 мектепте «Жас сарбаз» сыныптары арасында өткен байқауға 5 команда қатысты. Қатысушылар саптық дайындық, автоматты бөлешектеу және құрастыру сияқты жарыста өз шеберліктерін көрсетті.
«Жарыстың мақсаты жастарға әскери патриоттық тәрбие беру, әскерге деген қызығушылықтарын арттыру»,- дейді №129 мектебінің әскери даярлық ұйымдастырушысы оқытушысы Мырзахан Сариев.
Аталған байқау жастар арасында дене шынықтыруды кеңінен насихаттау, оларды спортпен жүйелі түрде айналысуға шақыру мақсатында ұйымдастырылды. Сайысқа 14-17 жас аралығындағы жастар қатысты. Олар спорттық дайындық, тыныс алу органдары мен теріні жеке құралдарын пайдалану арқылы шеберліктерін шыңдады. Сайыс соңында үздіктер медальдармен және мақтау қағазымен марапатталды. Ал, аудандық кезеңнен бірінші және екінші орын алған командалар сәуір айында өтетін қалалық жарыстарда өнер көрсететін болады.
«Қатысушылардың барлығы жақсы дайындалған. Осындай шаралар көптеп өтіп тұрса дейміз»,- дейді №129 мектептің «Жас сарбаз» командасының капитаны Бауыржан Сүлейменов.
Айта кету керек, №129-шы мектепте 1000-нан астам оқушы бар. Оның 600-ге жуығы әскери қызметшілердің балалары.