«Nur Otan»-дықтар мүгедектердің мұңын тыңдады

Screenshot_9.jpg

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бірыңғай тақырыптық қабылдау» акциясы өтті. Қабылдау ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында іске асуда. Шараға қаламыздағы ерекше күтімді қажет ететін тұрғындар келіп, өз мұқтаждықтарымен бөлісті. Бірі тұрғын-үй мәселесін көтерсе, енді бірі қосымша қолдау мен көмек сұрады.

Аталмыш акция бас партия жетекшілігімен ағымдағы  жылы алғаш рет ұйымдастырылып отыр.  Шараның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамнан тыс қалдырмау.  Қабылдауға келген Шымкент қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы да өз ұсынысын білдірді. Оның айтуынша, мүгедек жандарға қызмет ететін көліктер санын арттыру қажет.

«Біздің қоғамдық бірлестік орта есеппен күніне 500 азаматқа қызмет көрсетеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орталықтарына, оқу орындарына тасымалдаймыз. Сондай-ақ, оларға электронды қызмет түрлерін алуға да көмек көрсетеміз. Біздегі қазіргі басты мәселе – көлік тапшылығы. Өздеріңізге белгілі, мегаполис ұлғайып, кептеліс көбеюде. Сондықтан, бұл мәселе өзекті болып отыр»,- дейді «Шымкент қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Вадим Торопов.

Арызын арқалап келгендердің бірі 1 топтағы мүмкіндігі шектеулі жан Мұратбек Дүйсебеков. Азаматтың зайыбы да ерекше күтімді қажет ететіндер санатында. Ерлі зайыптылар ұзақ жылдар бойы жалдамалы пәтерді жағалап келеді. 2016 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрса да, тізім баяу жылжып жатқандығын айтады.  Жауаптылардан баспаналы болғанша уақытша пәтер беруін сұрайды. 

Тұрғындардың мәселесіне қанық болған партия мүшелері әр өтініш жіті бақылауға алынатынын айтты. Партияның фракция жетекшісі Бекайдар Төлегенов тиісті сала мамандарына тапсырмалар жүктеді.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды