Онлайн қызметтің аясы кеңеюде

Screenshot_8.jpg

Шымкентте  Азаматтарға арналған электронды үкімет порталының қызметі жүйелі жұмыс істеп келеді. Әсересе,мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше жағдай жасалған. Олар үшін үйге жеткізу қызметін атқаратын мобильді топ бар. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметінің өкілі Алтынай Татаеваның айтуынша  күн сайын халыққа қызмет көрсету орталығының қызметіне 3 мыңнан астам азамат жүгінеді. Соның тең жартысына жуығы қажет құжатқа онлайн түрде қол жеткізеді.

Бүгінде азаматтарға арналған электронды үкімет порталы 800-ге жуық мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Соның 80 пайыздан астамы халыққа электронды форматта қолжетімді. Қажетті құжатыңызды онлайн түрде алу үшін бірнеше мүмкіндіктер жасалған. 

Қала тұрғыны Қонысбек Тембаев орталық қызметіне онлайн жүгінетіндердің бірі. Бұл жолы ол электронды қолтаңба кілтін жаңартуға келіпті. Азаматтың айтуынша, мемлекеттік қызмет түрлерін алу қазір едәуір жеңілдей түскен. Бұған елдегі «Цифрлы Қазақстан» жобасының тигізген үлесі зор. 

Ал, мүмкіндігі шектеулі  азаматтарға арнайы жүйе қызмет етеді. Ол үшін  1414 номеріне хабарласса болғаны. Үйге жеткізу қызметі 62 сағат ішінде өтінішті қанағаттандырады. Жалпы орталық жүйесіне Egov.kz порталы, Egov mobile қосымшасы, Egovkzbot2.0 телеграм-боты қосылған.  Сондай-ақ, 1414 байланыс орталығына хабарласып, кез-келген сұраққа жауап алуға болады. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды