Шымкентте Майлы қожа сыныбы ашылды

Screenshot_41.jpg

Президенттің Наурыз мерекесін тойлауда ұлттық өнерімізді дәріптеуге басымдық беру тапсырмасына орай Шымкенттегі Қаратау дәстүрлі өнер мектебінде Майлы қожа сыныбының лентасы қиылды. Сондай-ақ Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай аталмыш мектеп ауласына 30 түп ағашы отырғызылды. Мұндай игі істі еліміздің әр өңірінен келген айтыскер, ақындар жүзеге асырды. Көшеттің алғашқы түбін ақындардың көшін бастаған Жүрсін Ерман екті. Аталған игі  шараға қатысқан қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан  мектеп ұжымының жұмысына сәттілік тіледі. 

Игі істе алдына жан салмайтын ақындар егілген ағаштардың тамыры терең жайылып, дәл осы өнер мектебінен дүлдүл айтыскерлер шығатынына сенімді. Бүгінде бұл мектеп 10 бағыт бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, айтыс, поэзия, дәстүрлі ән, жыр-терме, домбыра, қобыз,  және жетіген, көркем сөз секілді қазақтың ұлттық өнерлері.

«Көшет егу жақсы ырым. Тәуелсіздігіміз баянды болсын. Осы еркіндіктің арқасында өлеңіміз бен өнерімізді шырқап, биікке өрлей берейік»- дейді айтыскер Айбек Қалиев.

Сыныптың лентасын қиып, одан әрмен қолдарына күрек ұстаған қонақтар кейіннен Одан әрмен айтыскерлер  дәстүрлі өнер мектебінің шәкірттермен танысты. Өнерлерін тамашалап, жас ақындарға сәттілік тіледі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Азық-түлік бағасын назарда
  • Мүгедек жандар жарысады
  • «TEN QOGAM» тең мүмкіндік беруде
  • Энергия үнемдегіш шамдар орнатылуда.
  • Полицейлер түнгі уақытта жүрген 90 жасөспірімді анықтады