Білім ордасы үздіктерін анықтады

Screenshot_40.jpg

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасы ұсынылған-ды. Дәл осы жоба аясында Шымкенттегі іргелі оқу орны М. Әуезов атындағы білім ордасы үздіктерін анықтады. Шараға  өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын жастар қатысты.

Ақылымен, дарынымен заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыруға үлес қосқан тұлғалардың санатын толықтырған үздіктер 8 номинация бойынша іріктелді. Қара үзіп, дара шыққандардың бірі Қасымжомарт Төлеген. Дарынды жас «Үздік студент» атанды. 

«Мұндай номинацияға ие болу мен үшін үлкен жетістік және мақтаныш. Ең алдымен университет қабырғасындағы ұстаздарыма, ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»,- дейді Қасымжомарт Төлеген. 

Жобаға 3 мыңнан астам үміткер қатысты. Оза шапқандарды университет басшылығы алғыс хаттармен марапаттады. Концерттік бағдарлама қойылып, әннен шашу шашылды.

«Шараның мәні бірінші кезекте университет студенттеріне мотивация беру, алда жылжуына септігімізді тигізу және әрине жастардың патриоттық сезімін оятып, болашақта ел дамуына үлесін қосуға жол ашу»,- дейді  М.Әуезов атындағы ОҚУ  проректоры Сәкен Мәжінбеков. 

Мемлекеттік жобаның жастар арасында берері көп. Жастарды ізденімпаздыққа баулитын шараға университет басшылығы зор ден қойған. Мәселен «үздік студент» номинациясына 85 жас өтініш беріп, соның 23-і оза шапты.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әйелдер аяқ киімі шығарылмақ
  • Кәсіпорын ұлғайтылмақ
  • Арнайы киімдерге сұраныс жоғары
  • Қағаз және картон өндіретін кәсіпорын ашылады
  • Балалар аналарына хат жазды